Алматы Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңгейдегі сахна дайындап жатыр
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
220 кәсіби маманнан құралған команда Алматы төрінде Дженнифер Лопестің ғаламат шоуына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналады. Қала стадионында әншінің 2025 жылғы жазғы Summer туры аясында ауқымды концерт өтеді.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, алаңда халықаралық стандарттарға сай, көпдеңгейлі, ауқымды сахна орнатылуда: тік мұнаралар, көтерілетін платформалар, аса дәл жарық және бейне жүйесі. Қойылымның әр элементі секунд сайын есептеліп, мінсіз жұмыс істеуі үшін әр елден жиналған білікті мамандардың үйлесімді еңбегімен жасалып жатыр.
"Қайрат" ФК ойыны аяқталған бойда стадионға қазақстандық прокат компанияларының жабдықтары тиелген бес жүк көлігі кірді. Бар-жоғы үш күн ішінде, тәулік бойы жұмыс істей отырып, 220-дан астам техникалық маман — монтажшылар, инженерлер, үйлестірушілер еңбек етіп жатыр. Біз сахнаны орнатумен қатар, қауіпсіздік қызметкерлеріне, еріктілерге, билет сатушыларға нұсқаулық өткізіп жатырмыз. Бұл ауқымы мен орындалу жылдамдығы жағынан командалық жеңіс болған жоба. Тіпті, әлемдік турдың техникалық директоры да біздің жұмыс ырғағымызға таңданыс білдірді, - деді First Media Group директоры Әльфия Нұрғұмарова.
Ұйымдастырушылар қала қызметтерімен бірлесе отырып, қауіпсіздік пен логистиканың негізгі қырларын пысықтап жатыр. Концерт күні стадион аймақтарға нақты бөлінеді: фан-аймақтар, лаунж-аймақтар, фуд-корттар, VIP және медиа аймақтар. Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін медициналық бригадалар, төтенше жағдай қызметкерлері және өрт сөндіру топтары кезекшілік атқарады. Кіру қақпаларына металлдетекторлар мен қол сканерлері бар 26 бақылау-өткізу пункті орнатылады.
Барлық ықтимал жағдайға әрекет ету сценарийлері Төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем, полиция және өзге де құрылымдармен тығыз үйлестіруде пысықталып жатыр. Әрбір қонақтың өзін қауіпсіз сезінуі маңызды.
"Концерт билеттері толық сатылып кетті. Оларды АҚШ пен Жапониядан бастап, БАӘ мен Канадаға дейінгі 35-тен астам елдің көрермендері және мыңдаған қазақстандық сатып алды. Мұндай халықаралық қызығушылық концертті туризм мен креативті экономиканың қуатты драйверіне айналдырып, Алматының аймақтың мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін нығайтады. Бұл жай концерт емес, Қазақстан үшін тарихи сәт технология, шеберлік пен энергияның тоғысуы, ол қаланың жылнамасына алтын әріптермен жазылады", - деді Әльфия Нұрғұмарова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





