Акушер-гинеколог әйел жүкті кезінде қандай ауруларға жиі тап болатынын айтты
© Сурет: pixabay
Жүктілік кезінде әйелдер көбіне гормоналды фонның бұзылуы сияқты проблемаларға тап болады. Бұл жыныстық инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін.
"Жүктілік кезінде әйел осал болады. Иммун жүйесінің өзгеруі инфекциялардың өршуіне әкеледі. Олардың бәрін емдеу керек. Әйтпесе мерзімінен бұрын босануы мүмкін. Оның үстіне қауіп әйелдің нәрестеге инфекцияны жұқтыру ықтималдығында және бұл нәресте үшін көптеген жағымсыз салдарға, соның ішінде ең қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін", - дейді Алматы №2 қалалық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Гүлнар Куренова.
"Көптеген инфекция ұрықтың дамуына теріс әсер ете алады. Мұның салдары қаншалықты ауыр болатынын алдын-ала айту мүмкін емес. Әр организм әртүрлі. Кейбір ауру ананың ағзасына зиян әсер етеді де, әйел бала көтере алмауы мүмкін, не туу кезінде асқыну тудыруы мүмкін. Бұл жүктіліктің үзілуіне, мерзімінен бұрын босануға себеп бола алады", - дейді маман.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:41, 23 маусым 2026
Тоқаев «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде не айтты
-
22:01, 23 маусым 2026
Маунтинбайктан Азия чемпионаты-2026: ел намысын кімдер қорғайды
-
21:45, 23 маусым 2026
Түркістан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қуылды
-
21:05, 23 маусым 2026
Тоқае ЕО-мен 12 млрд доллардан астам көлемдегі келісімдер жасалғанын мәлімдеді
-
20:47, 23 маусым 2026
24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





