Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселерде ұтылған
© Фото: pexels
Ақтөбе облысы прокуратурасымен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды.
Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Спорт мектептерінің басшыларымен 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсалған.
Бұл қаражаттар мектеп басшыларымен өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған.
Сонымен қатар, "Ақтөбе" футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды.
Орын алған барлық фактілер бойынша прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті