Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері алаяқтардың азаматтардан алдап алған ақшалай қаражатын банк карталары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің 18–25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20–30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқандығы анықталды.
Аталған банк карталары, алаяқтық жолмен иеленген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, осы банк карталары арқылы шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық жолмен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 60-тан астам дроппер анықталып, ұсталды.
Полицейлер олардың барлығына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауда. Полиция азаматтарға банк карталарын, банк шоттарын немесе олардың деректемелерін бөгде адамдарға беруге, сатуға немесе пайдалануға ұсынуға болмайтынын ескертеді.
Мұндай әрекеттер қылмыстық схемаларға қатысу ретінде бағаланып, заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 5 тамыз 2026
Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты
-
15:44, 5 тамыз 2026
5 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:36, 5 тамыз 2026
Көлік министрлігі қазақстандық жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздікке байланысты маңызды үндеу жасады
-
15:27, 5 тамыз 2026
Банктің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жөніндегі жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілді
-
15:15, 5 тамыз 2026
Аптап ыстық жаңбырмен алмасады: 6-8 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады





