Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: облыс әкімінің орынбасары зардап шеккендердің жағдайын білді
© Сурет: видео скрині
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға барып, Сарыжар ауылы маңында болған тікұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнда ол Сарыжар ауылы маңында орын алған тікұшақтың апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.
Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр.
"Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады", - деді Жолдас Батырхан БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында.
Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақ апатты жағдайда қонды. Жапа шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бір адам 103 қызметі келгенге дейін қаза тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 12 қараша 2024
Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
-
22:21, 12 қараша 2024
Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді
-
22:01, 12 қараша 2024
Қар, тұман, көктайғақ: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:42, 12 қараша 2024
Қазақстандық конькишілер Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды
-
21:11, 12 қараша 2024
Абай облысының құтқарушылары балаларға көмектесті