Ақмола облысында ішінде бөшке-бөшке мотор майы мен үш көлік болған қойма өртенді

17:25, 22 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

21 сәуірде Степногорск қаласында алапат өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Степногорск қаласы маңындағы Заводская елдімекенінде қойма өртенді, от қамтыған ауданның көлемі алдын ала болжам бойынша 1 100 шаршы метрді құрайды.

"Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған таза мотор майы мен үш жеңіл автокөлік өртенген. Сағат 16-31-де өрт ауыздықталып, сағат 16-52-де толықтай оқшауланды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!