Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

18:55, 4 мамыр 2024

© Сурет: polisia.kz

10 жыл бойы жасырынып жүрген Тәжікстан азаматы Абай облысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Шетелдік" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.


"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде", - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!