13 жасынан бастап зорлаған: алматылық бойжеткен көршісін ауыр қылмыс жасады деп айыптады
© Фото: pexels
Алматыда кәмелетке толмаған оқушыға қатысты бірнеше рет зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қылмыс туралы зардап шегуші отбасының адвокаты айтты.
"Түрксіб ауданының тұрғыны 2023 жылы көршісінің 13 жасар қызын зорлаған, ол отбасының әбден сеніміне кіріп алған (баланы мектептен сенімхат бойынша шығарып салып және күтіп алып жүрген). Үйде ата-анасының жоқтығын пайдаланған ол күндердің бірінде 13 жасар көршісін мас етіп, содан кейін баланың бейсаналық (дәрменсіз) күйін пайдаланып, оның еркіне қарсы жыныстық қатынасқа түсті. 13 жасар қыз (анасыз өсіп келе жатқан) ұялып, жария болудан қорқып, болған оқиға туралы ешкімге айтпайды", – деп жазды ол Facebook-те.
Осыдан кейін, оның айтуынша, қыздың әкесі жұмыста болған кезде зорлық-зомбылық бірнеше рет қайталанған.
"Оқиға жайлы ешкім білмейтіндігіне көзі жеткен ер адам, 2024 жылы кәмелетке толмаған қызға күш қолданып, оның еркіне қарсы жыныстық қатынасқа мәжбүрледі. Екі жылдан кейін бала күш жинап, әкесіне көршісінің әрекеті туралы айтты. Осыдан кейін баланың әкесі Алматы қаласының Түрксіб ауданының ПБ-на жүгінді", – деп жалғастырды адвокат.
Онда ҚР ҚК 122-бабы бойынша іс тіркелді. Адвокаттың жазуынша, баланың сөзінен ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігінде (кәмелетке толмағанды зорлау) көзделген қылмыс белгілері, ал оның жасын ескере отырып – аса ауыр қылмыстар санатына жататын 4-бөлім бойынша қозғалуы керек еді.
Жәбірленушінің айғақтарына қарамастан, тергеуші қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатқан.
"Бүгінгі таңда Түрксіб ауданының прокуратурасы тергеушінің заңсыз шешімінің күшін жойды. Бірақ кінәлі адам қазірге дейін ұсталған жоқ, әкесі кінәлі адам құқық қорғау органдарының көмегімен қайтадан жауапкершіліктен құтыла алады деп қорқып, бұл істі жариялауға келісім берді", – деді адвокат.
Алматы полициясы іс бойынша түсініктеме берді:
"Қазіргі уақытта Түрксіб ауданының полиция басқармасы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның барлық объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы мен нәтижелері ПД басшылығының бақылауында. Қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады".
Бұған дейін Алматы облысында киберполицияның ірі көлемдегі алаяқтықты әшкерелегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:18, 26 сәуір 2025
Қызылорда облысында екі жасар бала тікұшақпен шұғыл орталыққа жеткізілді
-
11:07, 26 сәуір 2025
«Бессмертный полк» акциясына шақырушы әкімдердің видеолары фейк болып шықты
-
10:39, 26 сәуір 2025
Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі 6 мамырға дейін жабық болады
-
09:48, 26 сәуір 2025
Сәуір айында заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
-
09:38, 26 сәуір 2025
Бүгін еліміздің басты символдарының авторы, бірегей тұлға - Шот-Аман Уәлихановтың туған күні
Танымал жаңалықтар
-
12:25, 25 сәуір 2025
-
15:46, 25 сәуір 2025
-
12:06, 25 сәуір 2025
-
12:14, 25 сәуір 2025
-
13:05, 25 сәуір 2025
-
16:22, 25 сәуір 2025
-
15:38, 25 сәуір 2025
-
15:29, 25 сәуір 2025
-
12:40, 25 сәуір 2025
-
13:34, 25 сәуір 2025
-
12:32, 25 сәуір 2025
-
15:09, 25 сәуір 2025
-
11:55, 25 сәуір 2025
-
16:34, 25 сәуір 2025
-
13:26, 25 сәуір 2025