3 шілдедегі саудада доллар қымбаттады

16:42, 3 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 3 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,68 теңгеге көтеріліп, 472,57 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,67 теңгеге дейін өсті (+0,05).

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,1-474,1 теңгеге, еуро 507,5-511,5 теңгеге, ресей рублі 5,31-5,43 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 3 шілдеде әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,27%-ға өсіп, барреліне $86,47 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,24%-ға өсіп, барреліне 83,01 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 471,83 теңге, еуроны 505,66 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!