27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні
© Фото: zakon.kz
27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді.
Бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр. Атап айтсақ, 11 республикалық, 46 өңірлік театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл театр өнерінің дамып келе жатқанын, сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Қазақстандық театрлар отандық көрерменді жаңа қойылымдармен қуантып қана қоймай, елімізді халықаралық аренада да танытып келеді. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 350-і ел ішінде, 46-сы шетелде өтті.
Отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, олардың 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде сахналанған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 6 наурыз 2026
Ұлттық банктің болжамы: Таяу Шығыс қақтығысы Қазақстандағы инфляция мен мұнай бағасына қалай әсер етеді
-
12:38, 6 наурыз 2026
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді: қалалар мен күндері белгілі болды
-
12:16, 6 наурыз 2026
Алматыда еріктілер қозғалысы жаңа кезеңге қадам басты
-
12:02, 6 наурыз 2026
Ұлттық банк базалық ставканы 18% деңгейінде қалдырды
-
11:56, 6 наурыз 2026
Қостанайда 260-тан аса оқушысы бар мектеп карантинге жабылды





