55 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды — Еңбек министрлігі есеп берді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 8 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) мәлімдеді:
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша – 45.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 8 желтоқсан 2025
Қазақстанда 2026 жылы «Tax Free» пилоттық жобасын ұзарту жоспарлануда
-
10:50, 8 желтоқсан 2025
Құтқарушылар жолда қалып қойған 50-ден астам адамды жылыту пунктеріне жеткізді
-
10:43, 8 желтоқсан 2025
ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты
-
10:32, 8 желтоқсан 2025
Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты
-
10:23, 8 желтоқсан 2025
Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздады





