9 млн теңгенің сіркесуы, 48 млн теңгенің суреті: Антикор бюджет ақшасының негізсіз жұмсалуының алдын алды

18:37, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 55,1 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды. Бұл туралы құзырлы ведомство 6 қаңтарда ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған соманың жартысы – 26 млрд теңге (немесе 47%) бюджетке қайтарылды. Қалған соманы тапсырыс берушілер қайта қарады. Жоспарлы баға төмендеді немесе осы ақша шеңберінде сатып алынатын тауар саны ұлғайды.

Мәселен, СҚО-да 230 млн теңгенің заңсыз жұмсалуына жол берілмеді. Агенттік Петропавлда теледидар мұнарасына арналған жарықдиодты жабдықты монтаждау бойынша жұмыстарды сатып алу төтенше жағдаймен байланысты болмаса да, төтенше жағдайларды жою сылтауымен жүргізілгенін анықтады. Нәтижесінде шарт бұзылып, бюджет қаражаты қайтарылды.

Қарағанды облысында мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат 9 млн теңгеге 18 мың бөтелке ас сірке суын сатып алуды жоспарлаған, бұл мекеменің қажеттілігінен едәуір асып түседі (барлығы 460 адам). Сонымен қатар, бір бөтелкенің бағасы 300 теңге нарықтық құнынан 500 теңгеге дейін көтерілген, бұл шығындарды 3,5 млн теңгеге арттырды. Біздің араласуымыздан кейін сатып алу тоқтатылды, ал бюджет шығыны 9 млн теңгеге үнемделді.

Сол сияқты, Қызылорда облыстық филармониясы 300 қабырға суретін орташа нарықтық бағасы бір бірлігіне 20 мың теңге бола тұра 48 млн теңгеге (бір картинаға 160 мың теңгеден) сатып алуды жоспарлаған. Бағаны асыра көрсету 42 млн теңгені құрады. Антикордың ұсынысынан кейін сатып алу тоқтатылып, қаражат бюджетке қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!