34 млн теңгеге әлемдегі ең ұзақ круиз: Жер шарын айналып шығуға қанша күн кетеді

11:00, 9 қыркүйек 2026
MKZ: 1565913

© Сурет: pexels

Explorations by Norwegian круиздік компаниясы 371 күнге созылатын әлем бойынша саяхатты бастады. Бұл – әлемдегі ең ұзақ әрі тұрақты круиз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail жазуынша, әлемді аралаған батыл саяхатшылардың ізін жалғағысы келетін адамдар енді мұны жайлы әрі сәнді жағдайда жүзеге асыра алады.

Биылғы алғашқы круиздегі барлық орын алдын ала брондалып қойған. Алайда келесі жылы Австралиядан аттанып, ұзақтығы 8 күннен 371 күнге дейін созылатын круизге шығуға болады.

Саяхат барысында 220 портқа тоқтау жоспарланған. Бағдарламада бір портқа қайта-қайта тоқтау барынша азайтылып, борттағы барлық қызмет түрі қамтылған.

2026 жылғы 371 күндік саяхат жақында Римнен басталды. Ал келесі жылғы круиз 367 күнге созылып, ақпан айында басталады.

Еуропада круиз Неаполь, Копенгаген және Хельсинки сияқты қалаларға тоқтайды. Африкада Кабо-Верде, Кейптаун және Занзибарға баруға мүмкіндік бар.

Бағдарламаға сондай-ақ Аляска, Жапония және Грекия енгізілген. Саяхат 348 каютасы бар Regatta лайнерінің бортында өтеді. Кемеде мейрамхана, спа-орталық және бассейн бар. Қонақтарға заманауи фитнес-орталық, борттағы кітапхана және сәнді бар да ұсынылады.

Қысқа бағыттар да бар, алайда әлем бойынша круиздің бағасы 56 мың фунт стерлингтен, яғни шамамен 34 млн 359 мың 221 теңгеден басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!