290 млн теңге салық және халықаралық іздеу: қазақстандық әйел Ресейден экстрадицияланды
© Сурет: Telegram/GenPr
Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген ел азаматшасын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры бола тұра, декларацияға табысы туралы бұрмаланған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан ол 290 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Биыл қаңтар айында ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", – делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
"Оған тағылып отырған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп толықтырды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
2026 жылғы 18 тамызда іздеуде жүрген қазақстандықтың Мәскеуде ұсталып, елге экстрадицияланғаны хабарланған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:58, 21 тамыз 2026
Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді
-
10:49, 21 тамыз 2026
Алматыда 23 тамызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
-
10:36, 21 тамыз 2026
Қазақстанда Құрылтай есімді қанша адам бар
-
10:24, 21 тамыз 2026
Қазақстандық Ғабит Расұлхан кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанды
-
10:15, 21 тамыз 2026
Алматыда автобустағы төбелес пышақтасуға ұласа жаздады





