13 меншік иесі: жеке тұлға Ардагерлер паркі маңындағы жерді заңсыз алып, бөліп сатып жіберген
© Фото: freepik
Жетісу облысының прокуратурасы "Ардагерлер паркі" аумағына іргелес жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде 2026 жылғы 12 қаңтарда қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Талдықорған қаласының прокуроры берген талап-арыз бойынша сот жеке тұлғаға "Ардагерлер паркі" аумағына іргелес 4,1 гектар жер телімін заңсыз беру фактісін танып, аталған жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Қадағалау барысында бұл жер телімінің орман-саябақ аймағына жататыны және 2006 жылы заңсыз түрде жекеменшікке берілгені анықталған.
"Кейіннен жердің иесі бұл аумақты 44 бөлек жер теліміне бөліп, оларды 13 жеке тұлғаға сатқан", – деп нақтылады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енгені де атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстанда 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:30, 12 қаңтар 2026
Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады
-
11:24, 12 қаңтар 2026
Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы дебютін «Хартс» сапындағы жеңіспен бастады
-
11:16, 12 қаңтар 2026
Қай импорттық тауарларға ҚҚС есептен шығару арқылы төленеді: тізім бекітілді
-
11:07, 12 қаңтар 2026
Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті
-
10:56, 12 қаңтар 2026
Қонаевта Ұлттық ұлан сарбаздары суық қарумен жүрген адамды ұстады





