15 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

16:40, 10 мамыр 2024

© Сурет: unsplash

Алдағы сәрсенбі, 2024 жылдың 15 мамыры күні бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио жұмыс істемейді. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – ағымдағы жылдың II тоқсанына жоспарлы-профилактикалық жұмыстар.


"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, осы жылдың 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, -деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Қостанай облысында теледидар мен радио жеті сағатқа өшірілгені хабарланған болатын. "Қазтелерадио" АҚ мұның себебін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетін жоспардан тыс жұмыстар деп түсіндірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!