27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды

© Фото: zakon.kz
Дүйсенбіде Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Қызылорда қ.: 10 ақпанда түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 ақпанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
10 ақпанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 10 ақпанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
10 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
10 ақпанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.
10 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. қ. Шымкент: 10 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі. қ. Түркістан: 10 ақпанда күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 ақпанда Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
10 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 10 ақпанда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
10 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
10 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
10 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 10 ақпанда тұман күтіледі.
10 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
10 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз 25-27 градус күтіледі. Талдықорған қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде қатты аяз 25 градус күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 24 наурыз 2025
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
-
17:37, 24 наурыз 2025
Түркиядағы халық толқуы: Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды
-
17:19, 24 наурыз 2025
«Қар бұрқасындатады». Сейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам мен жас баланы құтқарды
-
16:47, 24 наурыз 2025
Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқа ер адам мен жас баланы құтқарды