Адамдар қалай ғашық болады? #2
Адамның барлығы белгілі бір жұлдыз иесі болып туылған. Осы жұлдыздар болмағанда, олардың тағдыры басқа болар ма еді? Әзірге жұлдыз иелерінің қалай ғашық болатынын талдайық.
Таразы
Махаббатты өнер деп біледі. Айналадағының бәрі әдемі болғанын қалайды. Өмірдің қысқа екенін түсініп, әр тағатын пайдалы істерге арнайды. Үнемі сүйіктісін қуантады. Сарышаян Бұл жұлдыз иелеріне тұрақсыздық тән. Көрсеқызар келеді. Жылдам ғашық болады. Ең бастысы, өзіне ғашық ете біледі.
Мерген
Сезімнің шырмауына мүлдем түспегенді жөн көреді. Себебі арты жаман болуы мүмкін екенін біледі. Барлығы әдеттегідей жүрекке жара салады. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, сүйіктісіне үнемі күдікпен қарайды.
Тауешкі
Олар саналы түрде ғашық болады. Барлығының өз уақытымен жүзеге асқанын қалайды. Ғашығын ұзақ уақыт бақылағаннан кейін ғана сөз салады.
Суқұйғыш
Олар сезімді басқаша түсінеді. Басқалары шамамен былай түсінеді: «Мен сені сүйемін. Сен менің бар шығынымды көтеріп, уақытыңды тек маған ғана арнауың керек". Ал суқұйғыштар керісінше махаббатты қамқорлық таныту деп біледі. Сүйген адамы кездесуге қырық минутқа кешігіп келсе де, түсіністікпен қарайды.
Балықтар
Қол жетпейтін адамдарға ғашық болуды ұнатады. Махаббаты үшін күресіп, талай қиындықты өткеруді жөн көреді. Өз мақсатына жетпей тынбайды. Сүйіктісін өзіне қарату үшін аспандағы айды алып беруге дайын.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
-
13:42, 16 қаңтар 2026
Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды
-
12:25, 15 қаңтар 2026
Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады





