Парламентте кредит мәселесі талқыланды
Қазіргі кезде 8,4 млн отандасымызда несие бар. Оның 1,7 миллионы жалпы соммасы 1,4 трлн теңге болатын қарызды уақытылы төлей алмай отыр. Бұл — алмақтың салмағын сезінбеу ме, әлде салмақ тым ауыр ма?
Осы аптада ҚР Парламенті Мәжілісінде «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті. Жиында халықтың кредит алуын төмендету және қаржылық сауатын арттыру, лудомания, киберқылмыс, интернет-алаяқтықтың әсерінен азаматтардың кредит алуы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының пайдасына қарыздарды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесі туралы қабылданатын шаралар талқыланды.
Естеріңізде болса, 2019 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен мемлекет есебінен 500 мыңға жуық отандасымыздың 300 мың теңгеге дейінгі несие-қарыздары кешірілген еді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша бұл халықты масылдыққа жетелейтін бастама болған. Сондықтан болашақта мемлекет тарапынан бұндай «рақымшылық» болмауы керек. Ал, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар өз бастамаларымен проблемалық борышкерлердің қарызын кешіре алады. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржы институттарына салықтық жеңілдіктер жасалмақ. Тағы бір жаңалық – алдағы жылдан бастап микроқаржылық ұйымдар проблемалық борышкерлердің мәселесін коллекторлық агенттіктерге сата алмайды. Қарыз берген өздері, сондықтан оны қайтару жолдарын да өздері қарауы керек. Жиында заңнамалық негізде несие талаптарын барынша күшейту қажеттегі айтылды.
Мәсжілісте айтылған мәселенің бірі — бізде онлайн микроқаржы ұйымдары беретін несиені рәсімдеу өте оңай. Табыс растаудың қажеті жоқ. Нәтижесінде жастардың дені айлықтан айлыққа дейін осы несиені рәсімдейді. Соңынан алған несиесін еселеп қайтарып жүргені. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 23 мамырдағы №25 қаулысы негізінде онлайн несие беретін ұйымдар несиелік үстеменің тәуліктік мәнін 0,4 пайызға көтерген. Бұл жылдық мәнде есептегенде 145 пайызды құрауы мүмкін. Біз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымынан «осындай шешім қабылдауға сіздерді не итермелейді?», деп төтесінен сұрадық.
«Бұл онлайн микрокредит сегменті. Олар бойынша мөлшерлеменің деңгейі 15-20 пайыз арасында. Қарыз алғанда күнделікті төлем 0,9 пайыздан аспауы керек. Бірақ, сіз айтып жатқан 0,4 пайыз қарыз алушы төлем мерзімінен өтсе, ол проблемалық кредит болса ол осы төлемді бір рет ұлғайтуға өтінішпен келуге мүмкіндігі бар. Құқығы бар. Осы қайтадан тағы бір мерзімге ұлғайтқанда осындай жаңа 0,4 пайыз қолданылады. Ол 0,9 пайызбен салыстырғанда төмен. Жалпы айтқанда 45 күнге қарыз алғанда күнделікті мөлшерлеме 0,9 пайыздан аспауы керек. Ал егер 45 күннен кейін төлем жасауға мүмкіндігі жоқ болса, ол өтінішпен келеді, оны тағы 45 күнге ұзартуға. Осы ұзартуға келгенде жаңа ставкасы 0,4 пайыз болады. Бірақ, бүкіл онлайын кредиттер бойынша переплата дейміз, артық төлемі осы қарыздың 50 пайызынан аспауы керек. Тағы бір маңыздысы осы онлайн микрокредиттердің шекті мөлшері 50 АЕК деңгейінде белгіленген. Ол шамамен алғанда 150 мың теңге. Яғни артық төлем 75 мың теңгеден артық болмауы керек. Ол микроқаржы ұйымы, немесе онлайн микрокредит компания одан көп төле десе, онда қарыз алушыларды біздің агенттікке өтінішпен келуге шақырамын. Біз оны тексеріп, қадағалау шараларын қабылдайтын боламыз», дейді Мадина Әбілқасымова.
Жиын соңындағы түйін — халықтың жоғары пайызбен несие алуы, оңай олжа іздеп интернет алаяқтарға алданып қалуы, лудомания – түрлі спорттық ойындарға бәс тігуі – қаржылық сауаттың болмауынан. Оны көтеру үшін қаржылық сауатты арттыру бағдарламаларын қолға алу маңызды, дейді депутаттар.
Данияр Болысбекұлы, Астана
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:51, 20 желтоқсан 2024
20 желтоқсандағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
16:17, 19 желтоқсан 2024
Қазақстанда түскі саудада доллар өсті
-
12:26, 19 желтоқсан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 19 желтоқсандағы валюта бағамдары
-
15:58, 18 желтоқсан 2024
Қазақстанда доллардың арзандауы жалғасуда
-
11:57, 18 желтоқсан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 18 желтоқсандағы валюта бағамы