«KazSat» ғарыш аппараттары 5 жыл ішінде 11,16 млрд теңге көлемінде кіріс кіргізді

11:10, 22 қыркүйек 2016

«KazSat» ғарыш аппараттары 5 жыл ішінде 11,16 млрд теңге сомасында кіріс кіргізді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Қазақстанда «Kazsat-1» және «Kazsat-2» байланыс спутнигінен тұратын ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасы сәтті жұмыс істеп тұр. Олар тіркелген спутниктік байланыс арналарына еліміздің қажеттіліктерін, республиканың ақпараттық қауіпсіздігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және қызметтердің импортталуын азайтуға мүмкіндік береді.

2011-2016 жылдар аралығында «KazSat» ғарыш аппараттары қызметтері 11,16 млрд. теңге сомасында кіріс кіргізді. Сондай-ақ ол, Қазақстанның 15 байланыс операторы мен ұйымының қажеттілігін қамтамасыз етті.

5 жыл ішінде транспондерлік сыйымдылықты жалға беру бойынша шетелдік операторлардың қызметтерін алмастыру қамтамасыз етілді. Бұл ретте импортты алмастыру сомасы шамамен 18 млрд. теңгені құрады.

Фото:egemen.kz

Дереккөз: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!