Елімізде көкөніс өнімдерінің бағасы өсті
Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Елімізде қияр мен қызанақ бағасы өсті, – деп хабарлайды Energyprom.
2019 жылы қаңтарда маусымдық емес жаңа көкөністерге – қияр (бір айда+20,4%) және қызанақ (+17,3%) бағасы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қырыққабат (+4,8%), сарымсақ (+4,4%) және пияз (шамамен +3%) бағалары да өсті. Қысқы ұзақ сақталатын көкөністер – картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда 1%-ке өсті. Тек қызылша бағасы төмендеді. Жеміс – жидектер арасында банан – бір айда 2,9%-ке қымбаттады, ал алма мен лимон бір айда 1%-ке арзандады.
Мал өнімдерінің бағасы бір айда өзгерген жоқ. Биыл ақпанда құс фермаларының өнімдерінің бағасы 2%-ке өсті. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1%-ке төмендеді. Мұндай көрсеткіш ет пен балық өнімдерінен де байқалады.
Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жарманың бағасы бір айда 2%-ке, ал макарон өнімдерінің бағасы 1,5%-ке төмендеді. Нан өнімдері мен бұршақтар сегментінде тек жоғары сұрыпты бидай наны (бір айға +0,9%) бағада аз ғана өсті, басқа өнімдер арзандаған. Сондай-ақ, ұн бағасы 1%-ке төмендеді.
Бір айда бакалея өнімдерінен маргарин 1%-ке қымбаттады, ал қант керісінше, 1%-ке арзандады. Сусындар арасында бағаның айтарлықтай ауытқуы байқалмады: арақ айына 0,8%, ауыз су – тек 0,3%-ке қымбаттаған.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 30 сәуір 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 1, 2 және 3 мамыр
-
15:47, 30 сәуір 2026
30 сәуірдегі саудада доллар тағы қымбаттады
-
11:56, 30 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары - 30 сәуір
-
15:56, 29 сәуір 2026
29 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
-
15:49, 28 сәуір 2026
28 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





