7 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл төмендеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 7 қарашасында сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамы жаңарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 526,02 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,55 теңгеге төмен.
Ресей рублі – 6,50 теңгеге дейін (+0,01) көтерілді.
Қытай юані – 73,86 теңгеге дейін (-0,11) төмендеді.
Обмен пунктерінде:
- доллар 526,6–528,3 теңге,
- еуро 605,5–610,9 теңге,
- рубль 6,43–6,53 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұнай бағасы өсуде.
7 қарашадағы саудада қаңтар айындағы Brent маркалы мұнай фьючерсі 1%-ға өсіп, барреліне 64,11 долларды, ал желтоқсандағы WTI маркалы мұнай фьючерсі 1,1%-ға қымбаттап, 60,11 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк ресми бағамды келесідей белгілеген болатын:
- доллар – 526,79 теңге,
- еуро – 606,34 теңге,
- рубль – 6,51 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 22 ақпан 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 ақпан
-
12:06, 21 ақпан 2026
Астанадағы және Алматыдағы айырбастау орындарындағы доллар бағамы
-
20:04, 20 ақпан 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-22 ақпан
-
15:50, 20 ақпан 2026
20 ақпанда доллар бағамы күрт өсті
-
15:45, 19 ақпан 2026
19 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы қалай өзгерді





