Таиландта турист толы автобус жардан құлады

14:26, 1 ақпан 2025

© Сурет: pixabay

Таиландта турист толы автобус жардан құлап, тау ортасында қалып кетті. Автобус салонында ресейліктер, немістер мен қытайдың туристік топтары болғаны туралы мәлімет бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

BrightTV мәліметінше, жол апаты Пхукеттегі Карон – Патонг асуында болған.

"Бір топ турист экскурсиядан қайтып келе жатқан. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қонақ үйге жақын маңда жолдан ұшып кетті. Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар адамдарды автобустан алып шығып, таудан жаяу түсірген", делінеді басылымда.

Апат салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Zakon.kz редакциясы ҚР СІМ-ге апатқа ұшыраған автобус ішінде қазақстандықтардың бар-жоғыра қатысты сауал жолдап қойды.

Бұған дейін АҚШ-та тағы бір ұшақ үйлер үстіне құлап, апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!