Ливанда Башар Асадтың туыстары ұсталды
© Сурет: wikipedia.org
Ливанның қауіпсіздік қызметі Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың немере ағасы Дурейд Асадтың әйелі мен қызын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
An-Nahar порталының мәліметінше, қолында жалған шетелдік төлқұжаттары бар олар Бейруттан кетпек болған.
"Ливан соты жұма күні Дурейд Асадтың әйелі мен қызын олардан жалған шетелдік төлқұжаттар табылғаннан кейін қамауға алу туралы қаулы шығарды. Дурейд Асад - тақтан тайған Башар Асадтың ағасы Рифаат Асадтың ұлы", делінген хабарламада.
Бұған дейін билікті тастап кетуге мәжбүр болған Сирия президенті Башар Асадтың ел сыртындағы мәлімдемесін жариялаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:09, 28 желтоқсан 2024
Әлиев Ақтау маңына құлаған ұшақ сырттай әсерлерге ұшырағанын мәлімдеді
-
17:44, 28 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты: Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрады
-
15:22, 28 желтоқсан 2024
Ауғанстанмен арадағы шекарада Пәкістанның 19 әскери қызметкері опат болды
-
10:43, 28 желтоқсан 2024
АҚШ-тың Қаржы министрлігі дефолттың алдын алатын шұғыл шаралар дайындығына кірісті
-
09:49, 28 желтоқсан 2024
Әкім марапаты: Түркияда ер адам қолдан сатып алған шкафтан 12 алтын шақа тауып алды