Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия ойындарында үш финалға өтті
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде сынға түсті.
Қазақстан атынан Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нұртан Ыдрысов, Ілияс Әзизов бақ сынады.
Жекелей сайыста ұлттық құрама сапында Милад Карими еркін жаттығуларда 13.833 ұпай еншілеп, финалға өтті. Одан бөлек жерлесіміз кермедегі жаттығуда 13.133 ұпай жинап, іріктеуден сәтті өтті.
Сондай-ақ командалық сайыста Қазақстан құрамасы 237.829 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты. Осылайша ұлттық құрама финалға жолдама алды.
Ал жекелей көпсайыста Нұртан Ыдрысов тоғызыншы орын, Ілияс Әзизов 13-орынға тұрақтады.
Қытайлық Чжан Бохэн жекелей көпсайыста топ жарды. Жапониялық Синносукэ Ока екінші орын алса, оның отандасы Дайки Хасимото үздік үштікті түйіндеді.
Нариман Құрбанов, Ілияс Әзизов, Нұртан Ыдрысов, Дмитрий Патанин жекелей жаттығуларда ақтық сынға өте алмады.
Айта кетейік, ерлер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі жекелей снарядтардағы финалға шығатын спортшыларды, сондай-ақ, жүлде үшін күресін жалғастыратын командаларды анықтайды. Әр снаряд бойынша финалға үздік сегіз гимнаст жолдама алады. Бұл ретте бір елден ең көп дегенде екі спортшы ғана финалда өнер көрсете алады. Ерлер арасындағы командалық финал 23 қыркүйекте өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
13:59, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстанның медальдар қоржыны сегіз жүлдеге жетті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі





