Қазақстан Азиада-2026 медаль кестесінде нешінші орында тұр
© Сурет: telegram/olympickz
21 қыркүйекте Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды. Алғашқы жүлделер сарапқа салынғаннан кейін Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде төртінші орында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені триатлоншы Арлан Жалабай салды. Ол қола медаль жеңіп алды.
Одан кейін велошабандоздар Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтыннан алқа тақты.
Каратэшілер Жоламан Биғабыл 57 келіге дейінгі, ал Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, Қазақстанға тағы екі алтын медаль әкелді.
Сондай-ақ бессайыстан Темірлан Әбдірайымов, Тихон Варехин, Лев Чувашов және Кирилл Стадник қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындарының екінші жарыс күні де Қазақстан үшін қола медальмен басталды. ММА өкілі Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Қазіргі уақытта Азиада-2026 медаль кестесінде Қытай құрамасы көш бастап тұр. Оның еншісінде 23 медаль бар: 14 алтын, 6 күміс және 3 қола. Екінші орында 22 жүлдемен Жапония, үшінші орында 16 медальмен Оңтүстік Корея орналасқан.
Қазақстан құрамасы 7 медальмен төртінші орында тұр. Оның төртеуі – алтын, үшеуі – қола.
Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
13:59, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстанның медальдар қоржыны сегіз жүлдеге жетті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі





