Ескекші Дмитрий Холмогоров Азиада-2026 ойындарында қола жүлде жеңіп алды

11:49, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569018

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық ескекші Дмитрий Холмогоров Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында мәреге үшінші болып жетті.

Шешуші жарыста Холмогоров қашықтықты 1 минут 44,453 секундта бағындырды.

Жарыста Өзбекстан өкілі Шахриёр Махкамов 1:43,642 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 1:44,433 көрсеткішімен Оңтүстік Корея спортшысы Джан Сан Вон иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова да бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыста үшінші орын алған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!