«Барыс» ресейлік «Амурды» ұтып, турнирлік кестеде көш бастады
© Сурет: Instagram/barys_official
Қазақстандық "Барыс" командасы бүгін, 9 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын Ресейдің "Амур" (Хабаровск) командасына қарсы өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Олег Ли 19-минутта есеп ашса, одан кейін Сергей Дубакин 21-минутта басымдықты арттырды.
Алайда елордалық хоккейшілер бұдан кейін қатарынан қарсылас қақпасына үш шайбаны дөп соқты.
Алдымен Райли Уолш 29-минутта мергендік танытса, одан кейін Кирилл Савицкий 32-минутта таразы басын теңестірді. Ал 36-минутта Эмиль Галимов "Барысты" алға шығарды.
Бірақ көп ұзамай 41-минутта ресейлік клубтан Кирилл Петьков гол соқты.
Осылайша негізгі кезеңдегі есеп 3:3 болып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда қос тарапты өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмады. Буллиттен елордалық клубтың жолы болып, жеңіске жетті.
Енді "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі бір ойынды 13 қыркүйекте Беларусьтің "Динамо" (Минск) командасына қарсы өткізеді. Ол да Астанада өтеді.
Бұған дейін "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында бір легионерінен қағылғандарын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
13:59, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстанның медальдар қоржыны сегіз жүлдеге жетті
-
21:56, 21 қыркүйек 2026
Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 22 қыркүйектегі жарыс кестесі





