Анна Данилина Австриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

14:28, 31 қаңтар 2025

© Сурет: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Анна ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Яна Сизикова/Анастасия Потапова (Ресей) жұбын 6:1, 6:2 есебімен айқын жеңді.

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева украиналық Людмила және Надежда Киченок жұбымен кездеседі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!