Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 14 қазанында Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында лайықты қорғап жүргеніне тоқталды.
Осы орайда, Президент Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы тарихи жеңісін, Әділбек Мусиннің 2022 жылы өткен Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды.
Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өткізуге қажетті жағдай жасалуда. Әсіресе, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге назар аударылып отыр.
Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:46, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
13:16, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
16:36, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
-
16:04, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды
-
16:01, 16 қазан 2026
Қазақстан президенті: Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет





