Қасым-Жомарт Тоқаев су тапшылығы мен жердің тозуының ауыр салдарына назар аударды
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 16 қазанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде табиғатты сақтау үшін халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлығы және жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға алғыс айтты.
Президент табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
"Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, биоалуантүрлілік адамдардың игілігі, экономикалық орнықтылық пен ұзақмерзімді қауіпсіздік үшін аса маңызды. Ал бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады.
Мемлекет басшысы шөлейттену, су тапшылығы және басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікке қауіп төндіріп отырғанына назар аударды.
"Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелерді шешуде нақты нәтижеге бағытталған халықаралық серіктестік қажет екенін айтты.
"Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:46, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
13:16, 17 қазан 2026
Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
16:36, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еревандағы саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
-
16:04, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды
-
16:01, 16 қазан 2026
Қазақстан президенті: Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет





