Жедел жәрдем қызметкерін кезекті ұрып-соғу: Атырау полициясы оқиға туралы айтты

14:44, 2 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

Мас науқас Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрды. Оқиға туралы Zakon.kz тілшісіне өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 2024 жылдың 1 мамырына қараған түні болған.

"Жедел жәрдем қызметінің әйел фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Көмек дәл осы жігіт үшін шақырылған. Наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша күдіктінің жеңіл дәрежелі мас күйінде болғандығы анықталды". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы уақытта Қазақстан бойынша медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. 2024 жылдың басында Қарағандыда қаскүнем жедел жәрдем жүргізушісіне бірнеше рет соққы берді. Ақпан айында Теміртауда екі адам жүргізушіге жабылып, ұрып тастаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!