Қорғаныс министрінің орынбасары Пәкістан елшісімен кездесті
Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Ахмед Сирах Алматы қаласындағы Бітімгерлік даярлық орталығына барды. Онда пәкістандық әріптестері Қазақстандық бітімгерлер үшін жабдықтаған кітапхана салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Mail.KZ.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Ахмед Сирахпен бітімгерлік даярлық шеңберіндегі бірлескен жобаларды және қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ-ның операцияларына қатысуын талқылап, Төтенше және Уәкілетті Елшіге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Генерал-майор Мұхамеджан Таласов бітімгерлік қызмет шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың артатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың қазанында қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық топ бітімгерлік даярлық орталығына сапармен келген еді. Сол кезде пәкістандық делегация кітапхананы жабдықтауға қолдау көрсетуге ниетті екенін айтқан.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:03, 18 мамыр 2024
Анна Данилина Италиядағы жарыстың финалына жолдама алды
-
22:58, 17 мамыр 2024
Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді
-
22:33, 17 мамыр 2024
Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды
-
22:20, 17 мамыр 2024
Өзбекстанда өткен халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді
-
22:06, 17 мамыр 2024
БҚО тұрғыны алаяқтан бүкіл аурудан емдейтін «ғажап көрпені» 150 мың теңгеге сатып алған