Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

21:17, 12 қыркүйек 2025

© Сурет: ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

 

Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Бұған дейін алты қазақстандық боксшы 12 қыркүйекте жүлделер үшін жұдырықтасатындығын жазғанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!