Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған

18:24, 25 маусым 2024

© Сурет: freepik

Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды айтты.

"Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы анықталып, 600-ге жуық әйел осы дерттен көз жұмады", - деді ол.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!