Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

20:15, 25 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК-нің дауылды ескертуіне сәйкес, Алматыда 26 маусымда 35-қа градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауды ескертті.

Ведомство мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12: 00-ден 16: 00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.-Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!