Тоқаев Антониу Гутерришпен не туралы сөйлесті
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.
Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 31 наурыз 2025
Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алды
-
22:04, 31 наурыз 2025
ШҚО-да полицейлер талмасы ұстаған жолаушының өмірін сақтап қалды
-
21:58, 31 наурыз 2025
Ертіс өзені маңында ағаштарды заңсыз кескен бес тұрғын ұсталды
-
21:00, 31 наурыз 2025
Павлодар облысында өрт сөндірушілер кейуананы немерелерімен құтқарды
-
20:41, 31 наурыз 2025
Ірі банктер Қазақстан бюджетіне 840 миллиард теңге салық төледі
Танымал жаңалықтар
-
11:19, 31 наурыз 2025
-
12:17, 31 наурыз 2025
-
12:23, 31 наурыз 2025
-
11:27, 31 наурыз 2025
-
11:38, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025
-
10:22, 31 наурыз 2025
-
10:11, 31 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
09:33, 31 наурыз 2025
-
09:13, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
10:43, 31 наурыз 2025
-
10:34, 31 наурыз 2025
-
10:51, 31 наурыз 2025