Тергеу изоляторында отырған «Дикий Арман» өзін-өзі жарақаттады
© Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің денсаулығына қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйсінің комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевтің тамырын кескені туралы ақпарат тарады.
"Аталған сотталушы өзіне аздаған дене жарақаттарын келтірді. Медициналық көмек бірден көрсетілді. Сотталушының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде", деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев айырықша бақылауда екені, оны мекеме психологтары қарауға алғаны нақтыланады.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.
Айта кетсек, Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты 2025 жылдың 27 қаңтарында қылмыс әлемінің серкесі Дикий Арманға, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақовқа және мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге үкім шықты. Сот үкімімен Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28 бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотта 2022 жылдың басында Искаков, Жұмагелдиев және экс-депутат Құдайберген билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушылары болды деп танылды. Жалпы бұл іс бойынша 40 адам жазаға тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 наурыз 2025
Астанада ер адам косметика және парфюмерия дүкенінен иіс суды ұрлап кетті
-
20:53, 7 наурыз 2025
Алматы тұрғындарын найзағайдың дыбысы шошытты
-
19:53, 7 наурыз 2025
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
-
19:33, 7 наурыз 2025
Астанада полицейлер автобусты куәліксіз айдаған жүргізушіні ұстады
-
18:31, 7 наурыз 2025
Астанада 20 жастағы жігіт зейнеткердің ақшасын өзіне аударып алған
Танымал жаңалықтар
-
11:21, 7 наурыз 2025
-
10:50, 7 наурыз 2025
-
13:45, 7 наурыз 2025
-
09:36, 7 наурыз 2025
-
16:22, 7 наурыз 2025
-
12:10, 7 наурыз 2025
-
11:33, 7 наурыз 2025
-
11:02, 7 наурыз 2025
-
14:10, 7 наурыз 2025
-
22:16, 7 наурыз 2025
-
09:45, 7 наурыз 2025
-
21:44, 7 наурыз 2025
-
11:54, 7 наурыз 2025
-
10:20, 7 наурыз 2025
-
10:01, 7 наурыз 2025