Тағы үш отандасымыз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты

22:31, 24 маусым 2024

© Сурет: ktf.kz

Лондонда теннистен Ашық чемпионаттың іріктеу кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Евсеев француз теннисшісі Маттео Мартиноны 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Екінші айналымда Денис тағы бір француз теннисшісі Титуан Дрогемен (133 АТР) өзара бақ сынасатын болады.

Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты қапы қалдырды. Есеп – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). Бейбіт енді алда серб теннисшісі Хамад Медьедовичпен (127 АТР) финалға жолдаманы өзара сарапқа салады.

Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны жеңді. Есеп – 6:3, 6:3. Екінші айналымда Тимофей словакиялық Лукаш Клейнмен (129 АТР) кездесетін болады.

Бұған дейін Михаил Кукушкиннің Ұлыбритания Ашық чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!