Шымкентте бір килограмм есірткімен курьер ұсталды

© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті.
Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді.
Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 29 сәуір 2025
Қазақстанда түлектердің емтихан тапсыру мерзімі бекітілді
-
12:01, 29 сәуір 2025
Шымкенттегі Қошқар ата өзені ластанып барады
-
11:52, 29 сәуір 2025
Шерзат Полаттың өлімі: сотталушы Аскентай Дарханның сыныптастары куәлік етті
-
11:40, 29 сәуір 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 29 сәуірдегі валюта бағамы
-
11:31, 29 сәуір 2025
Түркістан облысында шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінді