ШҚО-да қола дәуірінде өмір сүрген әйелдің қорымы табылды
© Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы аумағында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Кембридж университеті мамандарымен бірлесе қола және ерте темір дәуірлері ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі қазба жұмыстары ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылы маңында жүзеге асқанын нақтылайды.
"Зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту" бағдарламасы аясында жүргізілді. Далалық жұмыстар барысында Айнабұлақ-Темірсу қорымының толық топографиялық жоспары түсіріліп, бірнеше оба зерттелді", делінген хабарламада.
Обалардың бірінен әйел адамның жерлеу орны аршылды. Оның жанынан қоладан жасалған ұштық пен ілгіш, қола ыдыс, 180 асық және бақаның бейнесі бар қола зат табылды.
Сонымен бірге ежелгі үш қоныс орны анықталды.
"Барлау кезінде шетелдік мамандармен бірге метал заттар, сүйектер және қабір ішіндегі топырақ бойынша далалық жағдайда сынамалар алынды. Алдағы уақытта толыққанды пәнаралық зерттеулер Кембридж университеті зертханаларында жалғасады", – дейді экспедиция жетекшісі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 22 қазан 2026
Тибетте қатты жер сілкінісі болды
-
22:30, 22 қазан 2026
Алматылық «Қайрат» грекиялық «Панатинаикостан» ойсырай ұтылды
-
21:49, 22 қазан 2026
Жамбыл облысында ұртоқпақ ер адам әйелінің емінің ақысын төлейтін болды
-
21:38, 22 қазан 2026
«Қар, көктайғақ, тұман»: Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:57, 22 қазан 2026
Астанада жасырын ет цехы анықталды





