Ресеймен жасалған жаңа келісім Қазақстандағы электр энергиясының тарифтеріне әсер ете ме
© Фото: primeminister.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 29 қаңтарда мәжілісте Қазақстанның Ресейден электр энергиясын сатып алу себептерін түсіндіріп, жаңа келісім қазақстандықтар үшін тарифтердің өсуіне әсер етіп-етпейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Қазақстан мен Ресей арасындағы екі елдің бірыңғай энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялауды талқылау барысында Энергетика министріне бірнеше сұрақ қойды.
"Ресейден электр энергиясы қандай көлемде және қандай бағамен сатып алынады? Бұл Қазақстандағы электр энергиясы тарифінің өсуіне алып келе ме?"- деді депутат.
Министр Алмасадам Сәтқалиев Ресейден электр энергиясын екі жағдайда сатып алатынын атап өтті: тапшылықты жабу үшін және жоспарланбаған ағындар кезінде.
"Жоспарланбаған ағындар электр жүйесінің жұмысында ауытқулар болған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайлар үшін әртүрлі төлем режимдері қарастырылған. 150 мегаватт келісілген ауытқу аясында біздің ел электр энергиясының құнын ғана төлейді. Егер ауытқу 150 мегаваттан асса, диспетчерлеу және "Россети" желілері бойынша транзит қосымша төленеді. Сондай-ақ, электр энергиясының тапшылығын жабу үшін нарық субъектілері жүзеге асыратын жоспарлы ағындар бар. Шарттарға байланысты баға әртүрлі. Егер біз Ресейден электр энергиясын белгіленген диапазонда сатып алсақ, оның орташа құны киловатт-сағатына шамамен 8 теңгені құрайды. Егер біз осы диапазоннан асып кететін болсақ, онда баға киловатт-сағатына 23,8 теңгеге дейін өседі", – деп түсіндірді министр.
Ол жоспарлы ағындар тапшылық кезеңдерінде болатынын толықтырды.
"Өздеріңіз білетіндей, ең жоғары сағаттарда Қазақстанның энергожүйесі көршілес мемлекеттерден қымбат электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. Өткен жылы біз Өзбекстаннан ішінара сатып алдық, сонымен қатар орташа бағасы киловатт-сағатына 48 теңгені құрайтын Ресей Федерациясынан сатып аламыз. Осылайша, бұл бағаның өсуіне әкелмейді. Неліктен? Себебі бұл мәжбүрлі сатып алу-басқа көздер жоқ. Әйтпесе, ішкі тұтынушылар үшін шектеулер енгізуге тура келеді", – деді Сатқалиев.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 17 ақпан 2025
Елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталады
-
13:39, 17 ақпан 2025
Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі
-
13:26, 17 ақпан 2025
Әлемдік теннисте жаңа жұлдыз пайда болды: 18 жастағы бразилиялық теннисші Надальдың жетістігін қайталады
-
13:17, 17 ақпан 2025
Үндістанда теміржол вокзалында 18 адам аяқ астында тапталып қаза тапты
-
13:08, 17 ақпан 2025
Бас прокурор Берік Асылов президентке елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады
Танымал жаңалықтар
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
17:47, 16 ақпан 2025
-
15:28, 16 ақпан 2025
-
14:53, 16 ақпан 2025
-
16:13, 16 ақпан 2025
-
17:19, 16 ақпан 2025
-
16:48, 16 ақпан 2025
-
14:18, 16 ақпан 2025
-
15:54, 16 ақпан 2025
-
09:46, 17 ақпан 2025
-
10:10, 17 ақпан 2025
-
09:22, 17 ақпан 2025
-
09:34, 17 ақпан 2025
-
10:51, 17 ақпан 2025
-
10:42, 17 ақпан 2025