Павлодардағы зауытта болған өртте екі адам жарақаттанды

18:50, 28 наурыз 2025

© Сурет: видео скрині

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 27 наурыз күні сағат 23:40-та Павлодар мұнай-химия зауытының аумағында өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілерінен, Павлодар мұнай-химия зауытының өртке қарсы қызметі мен 103 қызметі бар жедел штаб жұмылдырылды. Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамы жиналып, қосымша өрт сөндіру техникасы енгізілді.

"Құбырлардың ішінде сұйық күйде ағып жатқан полипропилен фракциясы 50 шаршы метр аумаққа төгіліп, өртке оранды. Факелді жағу тоқтатылып, технологиялық қондырғылар салқындатылды", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ, ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күйік шалған 1989 және 1982 жылы туған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді, бірақ ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Оқиға технологиялық процеске әсер еткен жоқ. Өрт бір сағаттан кейін, 00:40-та сөндірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!