Павлодар бірден төрт көлік соқтығысты

19:10, 25 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Павлодар бірден төрт көлік соқтығысты. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Mark II автокөлігінің жүргізушісі Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Hyundai жүргізушісі "ВАЗ 2115" көлігіне, Chevrolet Nexia автокөлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан Hyundai Accent көлігінің жолаушылары медициналық көмекке жүгінген.

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!