Осы жазда Астана тұрғындарына ауыз су жеткілікті ме
© Сурет: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева 25 маусымда ОКҚ-да Астана тұрғындарына өткен жылдағыдай ауыз су проблемаларын күту керек пе, жоқ па екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мөлдір Әбдуәлиева былтырғы жылы Астана су қоймасындағы су көлемі қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермегенін, соның салдарынан Қ.Сәтбаев су қоймасынан канал арқылы су тартуға тура келгенін айтты. Сондай-ақ, бұл өте қымбатқа түскен.
"Биыл Астана су қоймасы жыл бойы елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Қарағанды облысының су қоймалары толығымен толтырылды. Олардан жиналған су жыл бойы аймақ экономикасының қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді", - деп қосты ол.
Жалпы, оның деректері бойынша, бүгінде Қазақстанның су қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Ұрып-соғып, жүк салғышқа итеріп жіберген: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Тұман, үсік, жел: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:43, 28 қыркүйек 2024
Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті
-
16:13, 28 қыркүйек 2024
Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік питонды алып өтпек болған
-
15:46, 28 қыркүйек 2024
Астанада иесіз қалған үй өртеніп кетті