Өскеменде рұқсатсыз құрылыс салған мердігерлер жауапқа тартылды

16:20, 29 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысын заңсыз салатын компанияларға тоқтау болмай тұр. Дәл осындай аты бар да заты жоқ жеке мердігер ұйымдарға өңірде 200-ден аса азамат қаржы құйған.

Алайда үй де, ақша да жоқ. Сан соғып қалған тұрғындар былтырдан бері құзырлы органдарға шағымданып жүр.

Ал құрылыс салу үшін құзыретті мекемелерден рұқсат алмай жұмысты бастап кеткен оннан аса компания жауапқа тартылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Үлескерлердің қаражатын заңсыз пайдаланған екі компанияға ірі сомада айыппұл салынды. Қазір жалпы облыста көп пәтерлі 73 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

"Қазіргі күні 7 тұрғын үй кешені бойынша әкімшілік жаауапкершілікке тартылды. Брондау шартына тұрған кезде құрылыс салушылардың рұқсатнама құжаттары бар ма, жоқ па екен, соны тексеріп алу керек." Самат Қайырдинов, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!