Орал көшесінде зейнеткер басына кірпіш құлап мерт болды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Оралда көшеде кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш құлады. Жетпіске таяған зейнеткер ауыр соққыдан сол жерде мерт болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға Әлия Молдағұлова көшесінің бойында салынып жатқан тоғыз қабатты жаңа үйдің маңында болды. Құрылыс аумағы дәл тротуарға тиіп тұр, тек қаңылтырмен жан-жағын қоршап қойған. Адам өтетін тұсында қауіпсіздік үшін күнқағар салған, бірақ онысы да жұқа қаңылтыр. Төбеден құлаған кірпіш оның да тас-талқанын шығарды.
Куәгерлер алғашқыда 69 жастағы қарт тек жарақат алған болар деп ойлапты. Дереу жедел жәрдем де шақырған, бірақ оқиға орнына келген бригада зейнеткердің тіл тартпай кеткенін айтады. Қазір құрылыстағы қауіпсіздіктікті сақтамағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр". БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Әлима Ғарифуллина
Айта кетейік, Оралда дәл осындай жағдай бір жыл бұрын да болған еді. Ол кезде басына кірпіш түскен әйел қаза тапқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 24 ақпан 2025
Қазақстанда жұмыртқа импортына тыйым қайта енгізілуі мүмкін
-
12:03, 24 ақпан 2025
Ақмола облысында бопсалаудың тіркелуі 36%-ға қысқарды
-
11:52, 24 ақпан 2025
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді
-
11:44, 24 ақпан 2025
ҮҰК заңсыз көші-қон арнасын ашты: Қазақстанда 80-нен астам уақытша тұруға рұқсат берілді
-
11:35, 24 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 24 ақпандағы валюта бағамдары
Танымал жаңалықтар
-
15:47, 23 ақпан 2025
-
13:56, 23 ақпан 2025
-
14:14, 23 ақпан 2025
-
12:57, 23 ақпан 2025
-
14:50, 23 ақпан 2025
-
15:35, 23 ақпан 2025
-
16:38, 23 ақпан 2025
-
20:00, 23 ақпан 2025
-
17:28, 23 ақпан 2025
-
16:20, 23 ақпан 2025
-
17:53, 23 ақпан 2025
-
09:00, 24 ақпан 2025
-
10:15, 24 ақпан 2025
-
09:32, 24 ақпан 2025
-
09:54, 24 ақпан 2025