Оқу-ағарту министрі: Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу
© Сурет: видеодан алынды
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылы 5 қазанда қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сала басшысы құттықтауы министрліктің желідегі парақшаларында жарияланды.
"Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі" деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау. Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету - мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын. Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолы да ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды да атап өткім келеді. Балаларымызға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де педагогикалық қауымдастыққа жүктелген аса маңызды міндет. Оған мемлекет пен мектеппен қатар, ата-аналардың да атсалысуы өзекті". ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова
Сөз соңында министр әріптестерін ұстаздар мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектерінің жемісті болуын тіледі.
Айта кетсек, 2025 жылы 5 қазанда Қазақстанда мұғалімдер күні атап өтіледі. Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикамызда бұл кәсіби дата осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Ал 2023 жылдан бастап Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес, бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 7 желтоқсан 2025
Серуендемеген жөн: елдің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
10:14, 7 желтоқсан 2025
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалында алтыншы орын алды
-
09:55, 7 желтоқсан 2025
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды
-
09:09, 7 желтоқсан 2025
Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін





