Нағыз эко-қаһарман: Қызылордалық 85 жастағы ақсақал 2 миллионнан астам ағаш өсірген
© Сурет: Нұрболат Нұржаубай
Қызылордалық 85 жастағы ақсақал Бектай Сүлейменов бүгінде 2 миллионнан астам ағаш отырғызып оны баптаған тәжірбиелі бағбан. Ол күн сайын қолына кетпенін алып, өзі өсірген жасыл желектерді бір айналып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бектай Сүлейменов есін білгелі бау-бақшамен айналысып келеді. Ол өзінің алғашқы ағашын (өрік) үш жасында әкесімен бірге отырғызған. Осылайша ол, әкесі салып берген жолмен жүріп, 1965 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына түсіп, онда орман шаруашылығының маманы болып шығады. Бұл ретте ақсақал, Мемлекет басшысы бастаған "Таза Қазақстан" акциясының белсенді қатысушысы.
Биыл Бектай Сүлейменовтің өзінің шаруа қожалығын құрғанына 34 жыл толады. Бұл шаруада оған ұлдарының бірі көмектескен.
"Мен 1940 жылы Шымкент маңындағы Шардара ауданында дүниеге келдім. Ол кезде колхоздың дүркіреп тұрған кезі, әр үйдің алдында бұталар, гүлдер, жеміс ағаштары өсіп тұратын. Менің әкем танымал бағбан болды, үнемі мені өзімен ертіп жүріп, саланың қыр-сырын үйретті. Осылайша, мектепті тәмамдағаннан кейін әке жолын қуып, орманшы болуға шешім қабылдадым. Зейнеткерлікке шыққанға дейін мен облыстың үш ауданының орманшыларында жұмыс істедім. 1991 жылы өзімнің питомнигімді құрып, шаруа қожалығын аштым. Терек, үйеңкі, қарағаштың көшеттерін дайындап сата бастадым",- деді ақсақал.

Бастапқыда 5 гектармен басталған шаруа, 35 жылдың ішінде 25 гектарлық фермаға айналған. Мұнда алма, алмұрт, шие, өрік, қара өрік, жидектер, жүзімнің әртүрлі сорттары, арша, терек, үйеңкі, қарағаш пен қарағай өседі.
"Осы ағаштардың көшеттерін өсірдім. Осылайша, Қызылордада қылқан жапырақты ағаштарды да өсіруге болатындығын дәлелдедім десем де болады. Өсіп келе жатқан барлық көшеттерді аудандастырып, бейімдедім. Тіпті шырша мен балқарағай да өседі. Ендігі арманым туберкулез диспансерінің аумағында қылқан жапырақты ағаштар паркін құру. Себебі, олардың хош иісі өкпе аурулары бар науқастар үшін өте пайдалы",- деді ол.
Қызылорданы қарағайлы орманға айналдыруға болады
Біздің эко-кейіпкеріміз бұған сенімді. Өйткені, Бектай ата қаланы қалай көгалдандыруға болатыны жайлы көптеген мысалдар келтірді. Мәселен, Қызылорда әуежайына баратын жолдың көгалдандыруы оның питомнигінен басталды. Бір жарым метр аралықпен үш қатарда өсетін ағаштардың аумағы 6 км-ді құрайды. Мұның бәрін қария өз қолымен отырғызып шыққан.
Бақшаға апарар жол
Бектай атаны біраз жылдан бері оның қала маңындағы бақшасына апаратын жол мазалайды. Оның айтуынша, ауа-райының қолайсыздығы кезінде қожалыққа жету мұңға айналады. Көпшілік қаланы көгалдандыруға үлкен үлес қосқан ақсақалдың бұл өтінішін жергілікті билік назарға алса екен дейді.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бекет үш айға жабылатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:31, 20 ақпан 2025
Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған
-
12:12, 20 ақпан 2025
Саясаттанушы: Тоқаевтың Иорданияға сапарын стратегиялық деп атауға болады
-
12:01, 20 ақпан 2025
Қостанайда интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік азамат тұтқындалды
-
11:54, 20 ақпан 2025
Трамп Зеленский жайлы тосын мәлімдеме жасады
-
11:36, 20 ақпан 2025
20 ақпанда СҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Танымал жаңалықтар
-
15:38, 19 ақпан 2025
-
14:24, 19 ақпан 2025
-
14:56, 19 ақпан 2025
-
16:06, 19 ақпан 2025
-
15:19, 19 ақпан 2025
-
18:10, 19 ақпан 2025
-
14:35, 19 ақпан 2025
-
14:10, 19 ақпан 2025
-
16:41, 19 ақпан 2025
-
19:02, 19 ақпан 2025
-
13:27, 19 ақпан 2025
-
15:29, 19 ақпан 2025
-
13:47, 19 ақпан 2025
-
18:41, 19 ақпан 2025
-
20:44, 19 ақпан 2025