Музыканттың «шуламаңдар» деген ескертуі төбелеске ұласып, соңы өліммен аяқталды
©
Үндістанның Манипур штатынан шыққан 54 жастағы танымал музыкант Чонгтам Викрам Сингх Делидің оңтүстік-шығысындағы Килокари ауданындағы үйінің маңында болған шабуылдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Brut басылымы полиция берген ақпаратқа сүйеніп жазғандай, оқиға 6 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында болған. Сингх үйінен шығып, көшеде қатты шулап жүрген бір топ ер адамға ескерту жасаған. Араларында жанжал туып, кейін ол төбелеске ұласқан. Музыкант ауыр жарақат алып, 7 қыркүйек күні таңертең ауруханада көз жұмған.
Полиция жеті ер адамды қамауға алып, 15 жастағы жасөспірімді де ұстады. Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары және басқа да материалдар зерттеліп жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысушылардың әрқайсысының кім екенін анықтауда.
Сингх гитарист, музыка мұғалімі әрі Манипурдағы рок-музыка сахнасының алғашқы өкілдерінің бірі болған. Ол Ultra Vires, Phoenix және Eastern Dark топтарында өнер көрсеткен. Делиге көшкеннен кейін де музыкалық қызметін жалғастырып, ұстаздықпен айналысқан.
Музыканттың қазасы Үндістанның солтүстік-шығыс аймағынан шыққан тұрғындар қауымдастығы арасында үлкен наразылық тудырды. Делиде оны еске алу акциясы өтті, ал саясаткерлер істі жан-жақты тергеуге шақырды. Сонымен бірге полиция әзірге шабуылдың нәсілдік себеппен жасалғанын анықтаған жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:03, 9 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
-
14:58, 9 қыркүйек 2026
Қазақстандық блогер Дональд Трамптың ұлымен бірге қауіпті жағдайға тап болды
-
14:50, 9 қыркүйек 2026
Баспана қымбаттап, сұраныс төмендеді: 2026 жылдың күзіне қарай нарықта не өзгерді
-
14:41, 9 қыркүйек 2026
Атқарушылық жазба: нотариусты енді жүйе автоматты түрде таңдайды
-
14:35, 9 қыркүйек 2026
2026 жылдың соңына қарай Қазақстанда доллар бағамы қандай болуы мүмкін





